03 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы №379

697 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2012 жылғы 16 қараша, Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 27 мамырдағы № 171 «Қазақстан Республикасының кепілдігімен жасалатын заем шарттарына зандық сараптау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

2012 жылғы 16 қараша, Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 27 мамырдағы № 171 «Қазақстан Республикасының кепілдігімен жасалатын заем шарттарына зандық сараптау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабын және Қазақстан Республи-касы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Респуб­ликасы Әділет министрлігінің мәселелері туралы ережесінің 14-тармағын іске асыру мақсатында бұйырамын:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 27 мамырдағы №171 «Қазақстан Республикасының кепілдігімен жасалатын заем шарттарына заңдық сараптау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6306 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының актілері жинағында жарияланған, 2009 жыл, № 9) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасының кепілдігімен жасалатын заем шарттарына заңдық сараптау жүргізу жөніндегі нүсқаулықта:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Заңдық баға (lеgаl оріnіоn) оны беру туралы өтінім тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде жүзеге асырылады».

2. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданыска енгізіледі.

Министр    Б.ИМАШЕВ.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 16 желтоқсанда Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8156 болып енгізілді.