05 Тамыз, 2013

Астана қасиетті Қадір түнін қарсы алды (видео)

468 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

787Қадір түні Рамазан айының соңғы он күнінің бірінде болады. Бұл түн туралы Құран Кәрімнің «Қадыр сүресінде» айтылған. Бес аяттан тұратын сүреде Құранның Қадір түнінде түсірілгені, оның мың айдан қайырлы екені, бұл түнде Жәбірейіл періште Алла әмірімен жер бетіне түсіп, адамдарға қызмет ететіні және таңға дейін тыныштық болатыны айтылады. Қадір түні періштелер мұсылмандарға дұға оқып, тілеулес болады. Жасалған ғибадаттың мың айға, яғни сексен үш жылға тең болатынына байланысты мұсылмандар Қадір түнін құлшылықпен өткізуге тырысады.

Хазрет Султан 1Тамыз айының үшінен төртіне қараған түні Елордамыздың Орта Азияда ең үлкен саналатын көрікті мешіті – Хазірет Сұлтанға жиналған мұсылман қауым Қадір түнін күтті. Жасаған күнәларына кешірім сұрап, жаратқаннан дұға тілеп құлшылық етті.

Хазірет Сұлтан мешітіне Қадір түнін күтуге келген Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары сөз сөйлеп, игі тілектер тіледі. Бұл түні мешітте Қазақстан эстрадасының бірқатар жұлдыздары да құлшылық жасады. Сондай-ақ еліміздің танымал айтыскер ақыны халықтың жүрегіне иман ұялатып, рухани азық сыйлайтын жырларын тарту етті.

Хазрет Султан 2

Айдар Өрісбаев.

 

{youtube}3M7s36jADeI{/youtube}