Жексенбі күні футболдан Қазақстан чемпионатының кезекті туры өтті. Әзірге 22 турдан кейін «Ақтөбе» командасы турнир кестесінде көш бастап келеді. Осы турда команда өз алаңында Өскеменнің «Восток» клубынан ұтылғанымен, 47 ұпаймен екінші орындағы «Астанадан» артық 6 ұпай жинап отыр. Бұл кездесуге Владимир Никитенко негізгі құрамды шығарған жоқ. Ал «Астана» өз алаңында «Тобылды» ұтты. Есеп - 2:1. Голландиялық Арно Пайперс жаттықтыратын «Тараз» сырт алаңда «Атыраудан» 1:3 болып жеңілді. Талдықорғанда «Жетісу» мен Алматының «Қайраты» 0:0 есебімен тең тарқасты. Павлодарда «Ертіс» Шымкенттің «Ордабасысын» 2:0 есебімен ұтты.
Турдың техникалық көрсеткіштері мынадай:
«Астана» — «Тобыл» 2:1 (0:0)
Голдар: Нөсербаев (64), Нұрдәулетов (85) – Бугаев (80).
«Ақтөбе» — «Восток» 0:1 (0:1)
Гол: Алиев (36).
«Атырау» — «Тараз» 3:1 (1:0)
Голдар: Данилюк (23), Стойчев (81), Пейкришвили (84) – Воротников (90).
«Жетісу» — «Қайрат» 0:0.
«Ертіс» — «Ордабасы» 2:0 (1:0)
Голдар: Кулибали (41), Аверченко (89).
&nb
sp;
|
Дастан Кенжалин.