05 Тамыз, 2013

Қазақстан ғарышын басқарушы 15 млрд. теңге пара алғаны үшін ұсталды

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коррупция-2

Бүгін қаржы полициясының қызметкерлері аса ірі көлемде пара алғаны үшін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының президентін қамауға алды. Бұл туралы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«2013 жылғы 1 тамызда Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ президенті Ғ.Мырзақұловты ұстады»,- делінген парақшада.

Ұсталған тұлғаға жалпы құны 15 млрд. теңгеден асатын пара алды деген айып тағылып отыр. Мұны ол Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросын құрастыру-сынау кешенінің құрылыс жұмыстарын сатып алу конкурсында «Құлагер» құрылыс компаниясы» ЖШС мүдделеріне әрекет еткені үшін алған көрінеді. Атап айтқанда, сол үшін кәсіпорынның басқарма төрағасы Т.Егенбаевтан сенімді адамы – Е.Асылбеков арқылы 272 мың АҚШ доллары және 75 млн. 300 мың теңге көлемінде пара алған сыңайлы.

Қазір «Құлагер» ҚК» ЖШС басқарма төрағасы Т.Егенбаев пен «Сұңқар Күзет» ЖШС директоры Асылбеков те ұсталды. Мұнда Егенбаев аса ірі көлемде пара берді деп, ал Асылбеков пара алуға көмектесті деп айыпты болған.

«3 тамызда Мырзақұлов пен Асылбеков сот санкциясымен қамауға, Егенбаев – үй қамауына алынды»,-деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс тергелу үстінде. Бұдан басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

Құрыш Нұрымбет.