05 Тамыз, 2013

Бәрекелді! Шымкенттік миллионға қол жетті!

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дыни-1

Ура! Оңтүстік Қазақстан облысында миллиондық межеге де қол жетті. Әңгіме үстіміздегі жылы облыстың алқаптарынан жиналып алынған көкөніс, картоп және бақша дақылдары секілді ауыл шаруашылығы өнімдері туралы болып отыр. Мұның жайын «Южный Казахстан» газеті хабарлап, жұртшылықтан сүйінші сұрады.

Ұлтты ұйыстырған ұжмақты өлкедегі осынау орасан зор егіншілік табысына Сарыағаш ауданы диқандарының қосқан үлестері бәрінен де көп болды. Мұнда қазірге дейін 140 мың тоннадан астам өнім жиналып отыр. Ал қауын мен қарбызды көбірек өндірген өңірлердің көшін мақтаға бай Мақтаарал ауданының бақшашылары бастады. Мұнда 266 мың тонна аталмыш өнім сатуға жөнелтілді. Бұлардың соңын 143 мың тонналық көрсеткішпен Шардара ауданы алып келеді.

Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасындағылар ауыл шаруашылығы дақылдарынан алынатын өнімнің алдағы уақыттарда бұдан да арта түсетінін жеткізіп отыр.

Сұлтан Бозайғыр.