05 Тамыз, 2013

Түркия бас штабының бұрынғы бастығы өмірлік түрмеге жабылды (фото)

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Генерал Илькер Башбуга-1

Бүгін Ыстамбұл соты «Эргенекон» ісінің 15 фигурантын мемлекеттік төңкерісті дайындағандары үшін өмір бойына түрмеде отыру жазасына кесті. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Генерал Илькер Башбуга-4

Сотталғандардың ішінде Түркия бас штабының бұрынғы бастығы генерал Илькер Башбуг та болды. Оған «мемлекеттік төңкерісті жасауға әрекет еткені үшін» деген айып тағылды. Одан басқа тағы он офицер мен генерал өмірлік қапас мерзіміне қамалды. Олардың арасында жандармерияның, бірінші жаяу әскер армиясының қолбасшылары, әртүрлі әскер бөлімдерінің өкілдері бар.

Генерал Илькер Башбуга-2

Жалпы, бұл іс бойынша 275 адам тергеуден өтті. Олардың 66-сы прокуратураның шешімі бойынша қамауға алынды. Әзірге оларға байланысты үкім шығару жалғасып жатыр.

Генерал Илькер Башбуга-3

«Эргенекон» - былайша «көлеңкедегі үкімет» атанған құпия ултраұлттық ұйым. Оның неге «Эргенекон» атанғаны да түсінікті. Тарихи деректер бойынша, Ергенеқон, ертеден келе жатқан аңыздар бойынша, Алтай тауының бір мүйісінде орналасқан ежелгі түркілердің ұжмақтай болған қасиеті мекені, алғаш өніп шыққан орны болып табылады. Материалдар бойынша, бұл ұйымның мақсаты 2003 жылы премьер-министр Тайип Эрдоганның үкіметін тақтан тайдыру болған. Осыған байланысты тергеу 2007 жылы басталды. Бұл жұмыстар қоғам тарапынан қатты сынға ұшырады. Билік партиясына қарсылар жағы мұны Эрдоганға қолайсыз, жақпайтын тұлғаларды «құртып» жіберудің амалы санайды.

Сәкен Майлыбай.

Генерал Илькер Башбуга-5