05 Тамыз, 2013

Оралда Бектұрғановқа билікке бағынбады деген айып тағылды

359 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Уральск-1

Орал қаласында өңірге белгілі азамат, жазушы Алпамыс Бектұрғановқа бүгін билікке бағынғысы келмеді деген айып тағылды. Бұл туралы «Уральская неделя» хабарлады.

Еске сала кетейік, 21 шілде күні полиция Орал әуежайында Орал-Астана бағытында ұшқалы тұрған «KСС» ЖШС ұжымы өздерінің атынан билікпен келіссөз жүргізуді сеніп тапсырған азаматтарды қорғау жөніндегі «Мархабат» қоғамдық ұйымының төрағасы Алпамыс Бектұрғановты ұшақтан алып қалды.

Полиция өзінің бұл әрекетін қоғамдық қызметкердің уақыты өтіп кеткен сенімхат бойынша көлік жүргізіп жүргенімен байланыстырды. Ал ұстап қалу әрекетінің өзі Бектұрғанов паспорттық бақылаудан өтіп, рейске тіркеліп қойғаннан кейін әуежай терминалында орын алды.

Ал айтулы азамат бұл күні «КСС» ЖШС-ына қатысты қаржы полициясының заңсыз әрекеттер жасауына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысы бар екенін мәлімдемеуді мақсат еткен баспасөз мәслихатын өткізу үшін елордаға бара жатыр екен. Алайда, Алпамыстың Астанаға арнайы сапары осы жерде кілт үзілді.

Кеше А.Бектұрғановқа полиция қызметкерлерінің өкімдерін қасақана орындамады деген айыппен сотқа шақыру айтылып, оның 5 тамыз күні сағат 16.00-де келуі тапсырылыпты.

Ал бүгін А.Бектұрғанов сотта күтпеген жерден өзіне қатысты алдын ала тексеру жұмыстарының жүргізілгенін, ол бойынша мұның үстінен қылмыстық іс қозғаудан бас тартылғанын біледі. Соттағы тыңдау кезінде куә ретінде шақырылған екі әйел құқық қорғаушы Павел Кочетков құжаттарын көрсетуді талап еткен кезде залдан шығып, процестен кетіп қалады.

«Бұл әу бастан полицейлердің заңсыз әрекеттерінен басталған тірлік болды», - дейді қорғаушы.

Ертең А.Бектұрғанов осы іс бойынша әкімгершілік сотқа баратын болыпты.

«Біз жақын арада БҰҰ-ға шағым жасап, осындай заңсыз әрекеттердің орын алып жатқанын жеткіземіз», - деді П.Кочетков.

Құрыш Нұрымбет.