Аймақтар • 28 Қаңтар, 2020

Шымкентте 205 азаматтық іс медиация тәртібімен шешілген

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте «Виртуалды сот» жобасын жүзеге асыру аясында 109 сот отырысы қашықтықтан өткізілді. Бұл туралы Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық Экономикалық сотының баспасөз мәслихатында айтылды.

Шымкентте 205 азаматтық іс медиация тәртібімен шешілген

«2019 жылдың 12 айында азаматтық істер бойынша сотқа 4206 талап арыз және 145 іс түсіп, 3773 іс аяқталған, оның ішінде шешім шығарумен 2962 іс, сот бұйрығын шығарумен 22 іс аяқталған. Ал, 321 талап арыз қараусыз қалдырылса, 323 арыз қайтарылған және 56 іс соттылығы бойынша жолданған. Ал, 412 іс қысқартылып, соның ішінде 170 іс медиация тәртібімен аяқталған. Сондай-ақ 35 іс тараптардың бітімгершілік келісімге келуіне және 31 іс талап арыздан бас тартуына байланысты қысқартылған. Өткен жылы қаралып аяқталған 3773 істің, апелляциялық сатыда 31-і өзгертілген және 34 шешім бұзылған. «Виртуалды сот» жобасын жүзеге асыру аясында барлығы 109 сот отырысы қашықтықтан өткізілген. Соның ішінде «TrueConf» мобильдік қосымшасы арқылы 98 және ВКС арқылы 11 сот отырысы өткізілген»,  деп баяндады мамандандырылған ауданаралық Экономикалық соттың төрағасы М.Майсақанов.

Одан әрі сөз алған татуластырушы-судья М.Мұздыбаева сот медиациясына тоқталып: «Татуласу: сотқа дейін, сотта» атты пилоттық жобаны жүзеге асыру барысында жыл басынан бері татуластырушы судьялардың өндірісіне 468 азаматтық іс түсіп, соның ішінде 205 азаматтық іс тараптардың татуласуына байланысты медиация тәртібімен аяқталған», деді.

Шымкент