Аймақтар • 28 Қаңтар, 2020

Алматы облысында былтыр 583 адам бас бостандығынан айырылған

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының соттары 2019 жылы 3445 қылмыс ісін ашып, 4040 тұлғаға қатысты сот тергеуін жүргізген.

Алматы облысында былтыр 583 адам бас бостандығынан айырылған

Қылмысы дәлелденген 2377 адам сотталып, оның ішінде 583 тұлғаны бас бостандығынан айыру туралы шешім шыққан екен. Қуаныштысы, бұл көрсеткіш бұрнағы кезеңге қарағанда азайыпты. 2018 жылы 4741 тұлғаға қатысты 4105 қылмыстық іс қозғалып, 2511 адам сотталыпты. Яғни, қылмыстық іс бойынша түскен шағым 16 пайызға азайып отыр. Сондай-ақ өткен жылы қылмысты іс бойынша бұрын жазаланған 25 адам сот шешімен ақталыпты. Ал медиация тәртібімен 290 іс қысқартылған. 

Бұдан бөлек, былтыр аудандық және оған теңестірілген соттарға 24 150 әкімшілік іс қозғау туралы шағым түсіп, заңға сәйкес қарауға жататын 23 788 іс бойынша шешім шыққан. Яғни, 23 799 адам әкімшілік  жолмен жазаланған. Осы мерзімде облыстық деңгейдегі соттар да 2229 азаматтық іс пен 45 580 арызды қарап, барлығы 47 809 әкімшілік құқық бұзушылыққа орай шешім қабылданыпты. Және сот медиациясының дәнекер болуымен өзара дауласқан 2640 адам татуласқан екен.