Қазақстан теннис федерациясы 27 қаңтарда ITF-тен (International Tennis Federation) Қытайдың Дунгуан қаласында өтуі тиіс Азия және Тынық мұхиты аймағының Федерация Кубогын Нұр-Сұлтанда өткізуге қатысты ресми ұсыныс келіп түскенін хабарлаған болатын. Бұл шешім Қытайда коронавирустың өршуіне байланысты қабылданған.
Дәл осы күні Қазақстан теннис федерациясы Үкіметке аталған мәселені қарастыру бойынша ұсыныс жіберген. Сонымен қатар, Үндістан, Оңтүстік Корея, Қытай, Тайвань, Индонезия және Өзбекстан командаларының қатысуымен өтетін бәсекені 4-8 ақпан аралығында қабылдауға техникалық жағынан дайын екендігін растады.