Штаб қорғаныс шараларын қабылдайтын болады және ондағы жұмыстар облыс әкімінің тікелей бақылауында болмақ. Сонымен қатар шектеуді алып тастағанға дейін жағдай туралы ақпарат әрбір аппараттық кеңесте тыңдалады.
Бұдан бөлек, алдыңғы күні кеншілер астанасында «Коронавирус инфекциясының көкейкесті мәселелері: заманауи ағымның ерекшеліктері, диагностика, фармакотерапия» тақырыбында оқыту семинары өтті. Бұл шара инфекция жұқтырды-ау деген күдікке ілінген науқастармен жұмыс істеуі мүмкін дәрігерлер үшін ұйымдастырылды.
Семинар барысында облыстық клиникалық аурухананың инфекция орталығының директоры Ержан Жүнісов журналистерге коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеуге медицина қызметтерінің қаншалықты дайын екенін және қауіптің алдын алу шаралары туралы айтып берді.
– Біздің медициналық және эпидемиологиялық қызметтер мұндай жағдай тіркеле қалған жағдайда, оған сақадай сай дайын деп сеніммен айтуға болады, – дейді жауапты маман.
Яғни, облыстық клиникалық аурухананың инфекциялық орталығының базасы негізінде ауруды жұқтыруы мүмкін науқастар үшін қосымша кереуеттер мен бокстар қойылған. Дәрі-дәрмектің де мол қоры жиналған. Сонымен қатар санитарлық-эпидемиологиялық және қауіптің алдын алу шараларын, инфекция жұқтырған науқас болса, олардың келіп-кетуін шектеу тәртібін қатаң қолдану да қарастырылыпты.
Қарағанды облысы