Аймақтар • 30 Қаңтар, 2020

Басқұдық ауылында қызмет көрсету бұрыштары ашылды

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Депарамент пен Мұнайлы ауданы әкімдігінің бастамасымен және жеке кәсіпкер Ерболат Айтжановтың қолдауымен Мұнайлы ауданы «Басқұдық» сауда орталығында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы мен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қызмет көрсету бұрышының ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Басқұдық ауылында қызмет көрсету бұрыштары ашылды

Шараға Мұнайлы ауданының әкімі Р.Елтизаров, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау басқармасының басшысы М.Байсалов, Департамент басшысы Н.Жанназарова, «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры М.Абугалиев және өзге тұлғалар қатысты.

Енді аудандық сауда орталығына келушілер халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, осы жерден бірқатар қажетті қызмет түрлерін ала алады.

Көрсетілетін қызметтерді атап айтқанда, зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі туралы ақпарат, жылжымайтын мүлкі бар жоғы туралы анықтама, несие тарихы туралы және т.б. қызмет түрлерін ЭЦҚ немесе бір реттік құпиясөз арқылы ала алады.

Бұл жағдайда, қызмет алушылардың уақыттары мен жол шығындары үнемделіп, цифрлық сауаттылығы арта түседі деген сенімдеміз.

Айта кету қажет, бүгінгі күнге дейін облыс бойынша 400-ге жуық қызмет көрсету бұрыштары ашылды. Ал Мұнайлы ауданында бұл есеп бойынша 42-ші қызмет көрсету бұрышы.