Әлем • 30 Қаңтар, 2020

Коронавирус Финляндияға жетті

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Финляндияда Уханнан келген туристтің коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады. 

Коронавирус Финляндияға жетті

Фото: РИА Новости

«Саяхатшының коронавирус жұқтырғаны Лапландиядағы орталық ауруханада анықталды. Бұл Финляндияда расталған алғашқы жағдай», - делінген Финляндияның Ұлттық денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау институтының хабарламасында.

Финляндиялық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Уханнан келген 32 жастағы қытайлық әйел бес күн бұрын Қытайдан кеткен. Ол кезде оның жағдайы жақсы деп бағаланған болатын.

Еске сала кетейік, 2019-nCoV атты коронавирустың жаңа түрі желтоқсанда Қытайда анықталды. Ауру алғашында суық тиюдің белгілерімен басталады. Ухан қаласында бір күннің ішінде аталған шағымдармен жүзге жуық науқас тіркелген болатын.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда коронавирусты жұқтырғандардың саны 7711 адам болса, оның 170-сі қаза тапқан.

Қытайдан басқа, Оңтүстік Корея, Жапония, АҚШ, Таиланд, Канада, Вьетнам, Сингапур, Непал, Франция, Австралия, Малайзия, Гонконг, Макао, Тайвань, Камбоджа және Германияда коронавирус инфекциясы тіркелді.