Әлем • 30 Қаңтар, 2020

Жүздеген шетел азаматы Уханнан өз еліне қайтты

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірқатар елдер өз азаматтарын Қытайдың вирус тараған аймағынан елге қайтару шараларын бастап кетті.

Жүздеген шетел азаматы Уханнан өз еліне қайтты

Токионың Ханеда әуежайына жапон азаматтарымен екі ұшақ қонған. Жергілікті БАҚ медициналық тексерістен өткен жолаушылар ішінде вирус жұқтырған 3 адам болғанын хабарлады.  

Сондай-ақ АҚШ 200 азаматын елге қайтарған.

Ұлыбритания мен Оңтүстік Кореяның өз азаматтарын Уханнан алып кету шаралары Қытай билігінен рұқсаттың болмау себебінен кейінге қалдырылды. Ұлыбритания билігі ұшып келген жолаушылар 14 күн бойы оқшауланып, медицина қызметкерлерінің бақылауында болатынын мәлімдеді.  

Австралия азаматтарын карантиндік режімде бөлек аралда ұстауды көздеп отыр.  

Еуропа одағы 250 Франция азаматтарын қоса алғанда тұрғындарын екі ұшақпен елге қайтармақшы.  

Сонымен қатар Канада, Филиппин және Малайзия елдері де өз азаматтарын елге қайтаратындарын мәлімдеді.

Қазақстан үкіметі Ухан қаласында оқып жатқан студенттерді қайтару жолы қарастырылып жатқанын айтқан. Ал денсаулық сақтау өкілдері вирус шыққан аймақтан келген отандастарды қарсы алуға дайындығын жеткізді.

 

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51