Аймақтар • 30 Қаңтар, 2020

Ресейдің жаңа Премьер-Министрі Алматыға келеді

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

РФ Премьер министрлігі лауазымына жақында кіріскен Михаил Мишустин ертең 31 қаңтар күні  Алматыда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің жұмысына қатысады.

Ресейдің жаңа Премьер-Министрі Алматыға келеді

Ресейлік сарапшылар бұл сапар Ресейдің ішкі экономикалық проблемаларын шешіп қана қоймай, көрші мемлекеттермен байланысты жаңа деңгейде көтереді деп үміттеніп отыр.

Кеңес отырысы барысында Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарында есеп айырысуға көшу және бірлестік шеңберіндегі интеграцияны талқылайды деп күтілуде.

2019 жылдың желтоқсан айында Ресей президенті Владимир Путин ЕАЭО-дағы интеграциялық процестерді жоғары деңгейде бағалады. «Бұл бағыт жаңа премьер-министр жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі болатыны анық» дейді ресейлік сарапшылар. 

Кеше Ресей премьері Қазақстанға сапарының алдында Мәскеуде  Еуразиялық экономикалық интеграция шеңберіндегі басым міндеттер туралы кеңес өткізді. 

Ресей үкіметінің сайтында айтылғандай, отырысқа қатысушылар «Ресей Федерациясының Еуразиялық экономикалық одақтағы басымдықтарын алға жылжыту мақсатында ведомствоаралық ынтымақтастықты жандандыру туралы нақты шешімдер қабылдады».

Ресей ұлттық стратегия институтының халықаралық жобалар бойынша директоры Юрий Солозобов  бүгін NEWS.ru сайтына берген сұхбатында атап өткендей, Мишустиннің міндеті Дмитрий Медведев тұсында тоқтап қалған ЕАЭО мүше мемлекеттерінің ынтымақтастығын «қайта бастау»  болып табылады.

Жаңа премьер-министрдің  осыған дейінгі Федералды салық қызметінің басшысы ретіндегі тәжірибесі алдағы уақытта кәдеге асуы мүмкін,- деді Юрий Солобозов.

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51