Аймақтар • 04 Ақпан, 2020

Алматы коронавирустан қалай қорғанады?

248 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Алматы ресми ақпараттың жеткілікті болуы үшін мүмкіндіктің  бәрін жұмылдырып жатыр. Көрші ел Қытайдан тарап жатқан коронавирустың айналасында ақпараттық текетірес «түйені жел шайқаса, ешкіні аспаннан ізде» деген ескіден келе жатқан есті сөзді еске түсіре бастады.

Алматы коронавирустан қалай қорғанады?

Алматы мен Нұр-Сұлтанда қауесеттен жеңіліп қалған ақпаратты орталықтан шалғай аймақтарда «аспаннан» іздеуге тура келетінін көріп жүрміз. Сол себепті Алматы әкімдігінің көрші елден тарап жатқан аты жаман тұмаудан қалай қорғанып жатқаны туралы ақпараттар тәулік сайын жаңартылып беруге кірісті. Әзірге Алматы әкімдігі таратып жатқан ақпараттардың жел сөзбен салыстырғанда бәсі басым болып, қауесеттің алдын алып жатыр. Сөзіміз дәлелді болуы үшін басынан бастайық. Қытаймен әуе қатынасы тоқтатылды. Коронавирус ауруы тіркелген елдерден келген барлық жолаушылар үшін дәрігерлер медициналық анықтама жинайды.  Емханаларда изоляторлар ашылды. 

Бірнеше ондаған адам температураға және жедел респираторлы вирустық инфекцияларға шағымданып, ауруханаға түсті. Бірақ коронавирусты  ешкім растаған жоқ. Бірақ әлемдік БАҚ үшін бұл  бәсі басым тренд тақырып.

Алматы қаласындағы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасимова 30 қаңтар күні журналистермен кездескен кезде   қалада жағдай тұрақты екенін, қауесеттерге бой алдырмай,  ресми органдардың ақпаратына назар аудару қажеттігін айтты. «Халықты дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ете алмаса, өздеріне сын екенін жеткізді. 

Ал 1 қаңтар күні аталмыш департаменттің баспасөз бөлімінен санитарлық-карантиндік бақылау үшін Алматы халықаралық әуежайына барғанын есіттік. Сол күні түс ауа әуежайға барған кезде қауіпті аймақтардан келетін ұшақтардың оқшауланған аймаққа келіп қонғанын, қызметкерлерінің, көші-қон полициясының және медициналық қызметкерлердің жұмысына ерекше назар аударылғаны туралы хабар таратылды.   

Ал 2 ақпан күні журналистермен кездескен Алматы қаласындағы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасимова  Алматыға келіп-кеткендердің бәрін бірдей тексеруге себеп көріп тұрмағанын айтты. «Алматы коронавирустық инфекцияны тестілеуге дайын. Тестілеу шамамен екі сағатты алады. Сонымен қатар, біз орталық анықтамалық зертханаға растауға жібереміз. Бүгінгі күні бәрінің теріс нәтижелері бар», - дейді  Айзат Молдағасимова.

Оның айтуынша, ауру деңгейінің жоғарылауына байланысты, коронавирустық инфекциясы бар деген күдікпен 17 сынама Алматыға жіберілген. Олардың диагнозы да  теріс нәтиже көрсетті. Тәулігіне бірнеше  рет бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ел халқына ресми ақпарат таратылады. Алматы тұрғындары Алматы әуежайының жаңа жылу жабдықтарымен жабдықталғанын, барлық халықаралық рейстерде санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілгенін, 30 эпидемиологтың тәулік бойы барлық рейстер жасайтындығын, тағы 80 эпидемиологтың кезекшілік ететінін және 8 топтың жұмыс жасайтындығынан хабардар.

Қауіпті  аймақтардан ұшып келген ұшақтар  бөлек тұраққа  қонады

Ал вирустық инфекцияларға күдік туындаған жағдайда бұл адамдар дереу желдету жүйесімен әуежайдағы арнайы қалпына келтіру аймақтарында оқшауланады. 

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың шешімімен  әкімнің  Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі аймақтық штаб құрылды. «Әлеуметтік желілерде қауесет таратпау үшін біз күн сайын ақпарат беруге міндеттіміз», - деді Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Набира Есенова журналистермен кездескен кезде.

Алматы ресми ақпараттың жеткілікті болуы үшін мүмкіндіктің  бәрін жұмылдырып жатыр. Қала басшылығының мұндай әрекеті, бір жағынан, жағдайды бақылауда ұстауға тырысып жатқандығын, екінші жағынан, қорқыныш әлі де күшейе түсетіндігін көрсетеді.

Апта басынан бері әлеуметтік желілерде медициналық маска жетпей жатыр деген ақпарат мен  «Қазақстан Иран мен Қырғызстаннан медициналық маска» сатып алады деген дерек ақпарат майданында теке-тіресіп қалды:

Бұл жолы да Алматы билігі жел сөздің тамырланып кетпеуінің алдын алды.  Қазір Алматыдағы дәріханаларды бір сүзіп шықсаңыз,  мұның жалған екеніне көзіңіз жетеді. Баға да өзгерген жоқ. Оның әр данасы бұрынғыдай, 35 теңгеден сатылып жатыр.

Коронавирустан қорыққан қала тұрғындары медициналық масқаларды көтере сатып алуға дайын

«Бірақ оған қажеттілік жоқ екенін түсіндіріп жатырмыз. Бұл жағдай жалғаса берсе, тапшылық  жасанды жолмен қалыптасуы мүмкін. Сондықтан әрбір адамға 10-15 дана медицналық масқа сатылып жатыр. Тауардың бұл түріне деген сұраныс керекет өсті», - дейді қаладағы дәріханалардың бірінің првайзері Сәуле Тәкенқызы.

Медицналық масқалар тез сатылып жатыр. Тапсырыс қалыпты жағдайдан екі-үш есе көп берілсе де, түс ауа сатылып кетеді.  Бағаның өсіп кетуіне жол бермеу үшін   Өңірлік штаб алыпсатарлықты және жолын кесуді қадағалайды. «Біз Алматының   медициналық бетпеден қысылып қалмауы үшін таңертеңгі сағат 10-да 77 дәріханаға қоңырау шалып, тексеру жүргіземіз»,  - дейді Айзат Молдағасимова.

Оның айтуынша, қалалық дәріханаларда медициналық маскалардың болуы мен құны туралы мониторинг күн сайын жүргізіледі. Кейде маскалар 70 теңгеден және одан жоғары респираторлар сатылған кезде бұзушылықтар анықталады, содан кейін полиция бөлімі жұмысқа кіреді. «Бағалар мен жасанды толқулар туындаған жағдайда олар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін барлық шараларды қолдануда», - дейді қаланың бас дәрігері Айзат Молдағасимова.

Соңғы күндері жергілікті Biola және Turan өндірістік компанияларынан 20 000 маска сатып алынды. «Dolce» өндірушісі күніне 4 мың маска шығарады, ал Алматыдағы маскалар қоры күн сайын толтырылады. Бүгінгі таңда тапсырыс алдағы аптаға орындалды. Дәріханаларды бір апта ішінде маскалармен толтыру жоспарлануда», - деді А.  Молдағасимова.

Қауіптің әлі сейілмегенін БАҚ арқылы есітіп, біліп, көріп отырмыз. 2 ақпаннан бастап  коронавируске қатысты статистиканың қазаны кемерінен асып-төгіліп қайнап жатыр.  БДҰ мәліметі бойынша әлемде 2019-nCoV вирусы 17 391 адамды жұқтырды (оның ішінде Қытайда 17238, тағы 233 елде 153 жұқтыру оқиғасы тіркелген).  Коронавирус 362 адамның өмірін қиды.

30 қаңтарда ДДҰ коронавирустың өршуіне байланысты халықаралық алаңдаушылық туғызатын  төтенше жағдай жариялады. 30 қаңтарда ДДҰ коронавирустың өршуіне байланысты халықаралық алаңдаушылық туғызатын төтенше жағдай жариялады. 23 елдің азаматының бойынан берт белгісі табылды. Әлем 2019-nCoV вирусының таралуынан, шынымен аяқ тарта бастады. Себебі АҚШ-та 2019-2020 жылдар аралығында 10 мыңға жуық адам тұмаудан қайтыс болды.

 

Алматы