Аймақтар • 05 Ақпан, 2020

Алматы облысы: Жаркенттік аналарға 2,7 млрд теңге жәрдемақы төленді

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының Панфилов ауданында 4392 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды. Өткен жылы жалпы саны 20 772 адамға құны 2,7 млрд теңгеге болатын жәрдемақы төленген.

Алматы облысы: Жаркенттік аналарға 2,7 млрд теңге жәрдемақы төленді

Жаңа жылдан бастап жаңаша тәсілмен төлене бастаған атаулы әлеуметтік көмекті алатындар қатарында 3186 көпбалалы отбасы бар. Қаңтар айында көпбалалы отбасылардың 13 926 мүшесіне 147,3 млн теңге қазына қаржысы бөлінген екен.

Сондай-ақ өткен жылы тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы 13 отбасы баспаналы болған. Ал «Нұрлы жер»  бағдарламасы бойынша тағы 16 отбасына жалдамалы тұрғын үй сатып алып беру үшін 154,5 млн теңге бюджет қаржысы жұмсалыпты. Бұдан бөлек, демеушілердің көмегімен көп балалы және аз қамтылған 14 отбасы да жеке баспанаға қол жеткізіпті. Бұйырса, бұл үрдіс биыл да жалғасып,«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 48 отбасы тұрғын үймен қамтылмақшы.