Қоғам • 06 Ақпан, 2020

Экологиялық сананы өзгерту керек

1111 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстандық волонтерлер қоршаған ортаны қорғау үшін бірлесіп жұмыс атқармақ. Бұл туралы экология белсенділерінің бірінші республикалық құрылтайында мәлім болды. Жиында қоршаған ортаның амбассадорлары сайланды.

Экологиялық сананы өзгерту керек

 

Жиынға қатысқан Экология, геология жəне табиғи ресурс­тар ми­нистрі Мағзұм Мырзағалиев қор­шаған ортаны сақтауда во­лон­­­терлердің орны ерекше еке­нін айта келіп, жастар­ды бұл бағытта бірлесіп жұ­мыс ат­­­қа­руға шақырды. Ве­дом­­­ство басшысының айтуын­ша, қа­зір адам мен таби­ғаттың ара­қа­тынасындағы үй­ле­сім­діліктің жоқтығынан қор­ша­ған ортаның архитектурасы алаң­­­датарлық халге жетті. Сол себепті эко­логиялық сананы өзгертпе­­сек, табиғатты құрдымға жібе­руіміз мүмкін.

– Биылғы жыл елімізде Во­лон­тер жылы деп белгі­лен­ді. Осы орайда біз сана-се­зімді және білімімізді шың­да­уымыз керек. Ол үшін во­лон­терлер керек. Елімізде эко­­ло­­гияға қатысты мә­селе көп. Бұл мәселелерді шешуде ерік­ті­лердің көмегі сөзсіз қажет. Ең бастысы – бір-бірімізге қол ұшын созуға дайынбыз. Осы жи­ын­нан кейін волонтерлердің қатары артады. Экологиялық са­наны өзгертетін оң істер қолға алынады деген сенімдемін, – деді М.Мырзағалиев.

Экология, геология және та­биғи ресурстар министрлігі бұл басқосудың өңірлердегі бір­лес­кен экологиялық жоба­лардың басталуына серпін беретініне сенімді.

– Былтыр «Бірге – Таза Қа­зақстан» акциясы барысында мыңдаған тонна қоқыс жиналды. Осы ақцияға қазақстандықтар жаппай тартылды. Мұндай бас­тамаларды қоғам қолдайды әрі бірлесіп жүзеге асыруға ниет­­­ті. Бүгінгі құрылтайда бар­­­лық еріктілермен жеке та­ны­сып, бірлескен жобалар тал­қы­­­­ланады. Дәл осы мақсатта Қа­зақ­­станның әр өңірінен елі­міз­дегі экологиялық баста­ма­­­лардың жүзеге асырылуын қа­дағалап оты­ратын амбассадорлар анықталады, – деді министр.

Волонтер жылы аясында ми­нистрлік «Birgemiz: Taza Álem» атты жалпыұлттық жо­баны іске асыруды жос­парлап отыр. Соған сәйкес волон­­тер­лердің деректер базасы жа­са­лып, «Taza álem» атты ерік­ті­лер­дің 3 әдістемелік қол­дау ор­талығы құрылмақ.

Басқосуда қоқысты сұрыптау, қатты-тұрмыстық қалдықтарды тұтыну мен оның пайда болуын азайту, экологиялық сана мен тәрбиенің маңызы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтау, браконьерлермен күрес сынды маңызды мәселелер қозғалды. Кездесудің нәтижесінде жол картасы әзірленіп, белсенділердің барлық бастамалары мен ұсы­ныстары енгізіледі.