Аймақтар • 06 Ақпан, 2020

Жүз тазы жарысты

756 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жүз тазы жарысты

Кеншілер астанасында ұйым­дастырылған «Қансо­нар-2020» байқауы аясында тазы тұқымдас иттер арнайы тіркеуден өткізіліп, электронды төлқұжаттар бе­рілді. Игі шара барысында құ­май тазылардың жылдамдығы сыналған жарыс өтіп, демеушілер есе­­бінен жиналған 300 мың тең­ге­лік жүлде қоры сарапқа салынды.

Желден жүйрік тазылардың бұл сайысына облыстың түкпір-түкпірінен әкелінген жүзге тарта тазы қатыстырылды.

Жарысты ұйым­дастырушы­лардың бірі, спорт саласының маманы Балғабай Нұрланов атал­ған сайыстың басты мақсаты рес­публикалық байқауда облыс атынан сынға түсетін жүйрік тазы­ларды іріктеу екен. «Біздің облысымызда тазы тұқымының сақталуына, оны атадан қалған мұра ретінде әрі қарата дамытуға үлкен мән беріліп келеді», дейді маман.

Жарыс қорытындысы бойынша «Үздік құмай тазы» сынында Нұра ауданынан келген Нұрдәулет Мырзахановтың «Көк­сұлуы» бас жүлдені жеңіп алды. Арлан тазылар арасындағы сайыста Абай ауданының өкілі Аман­тай Төлеген қосқан «Май­лақ» атты тазы топ жарды. Ұр­ғашы тазылардың жарысында Қара­ғандының тұрғыны Мадияр Махатовтың «Ақ желке» деген иті үздік шықты. Сондай-ақ осы тазы жалпы жарыста да озып шығып, иесін бас жүл­деге жет­кізді. Ал бір қар басқан күшік та­зылар арасындағы жыл­дамдық сыналған додада нұралық Әлішер Дүйсенбаевтың «Тұйғыны» бас жүлденің иегері атанды.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының алғыс хаттарымен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

 

ҚАРАҒАНДЫ