Аймақтар • 07 Ақпан, 2020

Аман, Есен, Жүрсін... Елдегі ерекше есімдер

621 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауда­ны, Дінмұхамед Қонаев ауы­лының тұр­ғындары Құрман­алиевтер отбасында үшем дүние есігін ашты. Сәбилердің есімін аталары Дәулет жақ­сылыққа балап, Аман, Есен, Жүрсін деп атап­ты.

Аман, Есен, Жүрсін... Елдегі ерекше есімдер

Ерлі-зайыпты Ди­дар мен Қым­­баттың Диляра жә­не Да­­рия есімді екі қызы бар. Ен­ді екі қыз­дың арты­нан үш баланың ергені Құр­ма­н­алиев­тер отбасы үшін үлкен қуа­ныш болып отыр.

Аудан әкімі Ерболат Садыр­құлов үшем­нің туған ауылына ар­найы барып, Құрманалиевтер әулетін құттықтады. Өз сөзін­де әкім әуелі балалардың денсау­лығы мен амандығы ма­ңызды екенін атап өтіп, әкім­дік тарапынан балаларға тиісті жағ­дай­дың жасалатынын жеткізді. Соны­мен қатар Аман, Есен және Жүр­сіннің дүниеге келу құрметіне жас отба­сына балалар арбасын сый­ға тартты. Ал балалардың ата-анасы Дидар мен Қымбат екеуі жыл­дың жақсылықпен бас­талғанын айтып, әкімдікке жә­не дәрігерлерге алғысын біл­дірді.

Қазіргі кезде үшемнің ден­сау­лығы жақсы. Т.Рысқұлов аудан­дық орталық ауруханасы мен Дін­мұхамед Қонаев ауылдық дәрігерлік емханасы тарапынан сәбилерге қажетті көмектің бә­рі де көрсетілуде. Жас отба­­сын қуанышқа бө­ле­ген ба­лалардың үл­кен азамат болып өс­кенін Құр­ма­н а­лиевтер әулеті де, ауыл­да­ғы тұрғындар да тілеп отыр.

 

Жамбыл облысы