Тағайындау • 07 Ақпан, 2020

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

1050 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің өкімімен қала әкімінің орынбасары болып Исахов Мақсұт Пернебайұлы тағайындалды.    

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Мақсұт Пернебайұлы 1974 жылы туған. Білімі жоғары. Мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы өндірісінің экономист-ұйымдастырушысы, заңгер.       

Еңбек жолын ішкі істер басқармасынан бастаған ол еліміздің бірқатар облыстарында кеден саласында, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында қызмет атқарған. Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметінде болған.

Сондай-ақ Өскемен қаласы әкімінің орынбасары, Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу комитеті төрағасының орынбасары, Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, аталған қалада энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. Бүгінге дейін Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарып келген.

 

Шымкент