Аймақтар • 07 Ақпан, 2020

Павлодар облысында «Ауыл клубы 4.0» жобасы жүргізілуде

543 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық мәдениет басқармасының мәліметінше, өңірде 253 мәдениет үйі  бар. Қазіргі мақсат-аудан, ауылдардың мәдениет үйлерінің мәдени  қызметін жаңғырту. Өткен жылы басталған «Ауыл клубы 4.0» жобасы аясында «Ауыл туралы кино», «Домбыраны ұлықта», «Қолөнер», «Ауыл кеші көңілді»  деген бірнеше бағыттар жүзеге асырылады.

Павлодар облысында «Ауыл клубы 4.0» жобасы жүргізілуде

Былтыр «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында Железин ауданындағы Қ.Әлсейітов атындағы мәденит үйі күрделі жөндеуден өткізілген.

Облыс орталығына қарасты Кенжекөл ауылында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді. Ақтоғай ауданындағы Қараоба ауылдық мәдениет үйінің шатыры күрделі жөндеуден өтті.

Ал, қала, аудан бюджеттерінен мәдениет үйлерінің материалдық-техникалық негізін жаңартуға  128 миллион, облыстық бюджеттен 40,8 миллион теңге көлемінде қаражат бөлініп, игерілген.

Биыл Аққулы ауданы Ямышев ауылында, Ертіс ауданы Ағашорын ауылында, Шарбақты ауданы Есілбай ауылында мәдениет үйлерінің құрылысы басталады.

 

Павлодар