Әлем • 08 Ақпан, 2020

ҚХР: Коронавирустан құлан-таза айыққандардың қатары көбейіп келеді

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

  Бұл туралы бүгін ҚХР Денсаулық сақтау мемлекеттік комитетінен хабарлады.

ҚХР: Коронавирустан құлан-таза айыққандардың қатары көбейіп келеді

«Сенбі, 8 ақпандағы жағдай бойынша 1540 адам емделіп, ауруханалардан шығарылды» деді Денсаулық сақтау мемлекеттік комитетінің ресми өкілі Гуо Яньхун.

Ресми орындар  емделіп жатқан 500 науқастың жағдайына сараптамалық жағдай жүргізген. 

«Оның ішінде дерті тереңдеп кетпегендер де, ауыр жағдайда жатқан науқастар да болды. Тіпті кейбіреулерінің жағдайы одан да ауыр болды» деп атап өтті Гуо Янхон.

Ресми өкілдің айтуынша, вирусты жұқтырған науқастардың емделіп, құлан-таза айығып шығу мерзімі орта есеппен алғанда - 10 күн.

«Сауығып келе жатқан науқастарды емдеу әдістерін талдау негізінде вирусқа қарсы терапияның кейбір әдістері, соның ішінде симптоматикалық ем және қолдау терапиясы, әсіресе, дәстүрлі қытай медицинасы жақсы нәтиже бергенін» атап өтті Гуо Яньхун.

«Біз алдағы уақытта науқастарды клиникалық емдеуге бағыт беру және емдеу жылдамдығын арттыру үшін диагностика мен емдеуде осы әдістерді үнемі енгіземіз» дейді Гуо Яньхун.

Пекин университеті № 1 ауруханасы жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі Ван Гуйчянның айтуынша, Уханьнан жеткен  (эпидемиялық індеттің эпицентрі) деректер көрсеткендей, қатты ауырған және тіпті өте ауыр науқастарды да емдеуге болатыны анықталды.

Басқаша айтқанда, әлемді аяғынан тік тұрғызған қауіпті дерттің емі табылып, қауіптің беті қайтты деп болжам жасауға болады.   

 

АЛМАТЫ