Сомасы туралы айтатын болсақ: Алматы қаласының бюджетінде базарларды жаңғыртуға қаражат қарастырылмаған. Барлығы жеке инвестиция арқылы жүзеге асырылады.
Инвестициялардың жалпы сомасы - 15 млрд теңге.
Модернизациялауға жататын 11 базардың 6-ауына құрылыс биыл басталады: Олар – «Арыстан», «Сарыарқа», «Тұлпар», «Өжет», «Береке», «Үшқоңыр». Ал қалған – «Азия», «Тау самалы», «Алматы-1», «Ақ бұлақ» және «Батыр» базарларын жаңғырту келер жылы басталады.