Тағайындау • 11 Ақпан, 2020

Қарағанды облыстық әділет департаментінің басшысы тағайындалды

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облыстық әділет департаментінің басшысы болып Тимур Ермағамбетов тағайындалды, деп хабарлады Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облыстық әділет департаментінің басшысы тағайындалды

Тимур Куатұлы Ермағамбетов 1982 жылы Қарағанды облысында дүниеге келді. Екі жоғары білімі бар: 2004 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша және 2017 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы ішкі істер органдарында бастады. 2011 жылдан 2014 жылға дейін Әділет министрлігі Қарағанды облысының әділет департаментінде әртүрлі лауазымдарда кеңесші-тіркеуші, жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы болып қызмет атқарды.

2014 жылдан 2015 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің стратегиялық жоспарлау және жұмысты ұйымдастыру басқармасының басшысы болып жұмыс істеген.

2015 жылдан бастап 2018 жылға дейін Әділет министрлігінің Қарағанды облысы әділет департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2018 жылдан 2019 жылға дейін Әділет министрлігінің ССО Қарағанды облысы Сот сараптамасы институтының директоры қызметін атқарды.

2019 жылғы желтоқсаннан бастап Әділет министрлігінің Заңға тәуелді актілер департаментінде жұмыс істеді.