Биыл Өскемен металлургия кешені мемлекеттік бюджетке қоршаған орта эмиссиясы үшін 1, 23 миллиард теңге төлепті. Сонымен қатар 2019 жылы қоршаған ортаны жақсарту шараларына 3 миллиард теңге бағыттапты. Қоршанған ортаны жақсарту шараларының бірі – көгалдандыру. Осы ретте кәсіпорынның маңайы мен өндірістік аумақтарда 22 мың шаршы метр ағаш пен гүл өсіп тұрғанын атап өтуге болады. «Алдағы жоспарымыз жайында айтар болсақ, «Қазцинк» Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен меморандумға отырды. Аталған құжатқа сәйкес компания қоршаған ортаға келтірілетін зардаптарды азайту үшін заманауи технологияларды енгізетін болады» делінген компанияның қоғаммен байланыс басқармасы таратқан баспасөз мәлімдемесінде.
ӨСКЕМЕН