Аймақтар • 13 Ақпан, 2020

Туристерді миллион дана қызғалдақпен қарсы алады

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Шымкентте ерте көк­темде ең алғаш гүлдеп, қа­ла келбетіне ерекше сән бе­ретін 1 миллион 300 мың дана қызғалдақ гүлі егілді. Осы­лайша ТМД елдерінің мәдени астанасы мәртебесін иемденген шаһар қонақтар мен туристерді құлпырған әсем гүлдермен қарсы ал­мақ.

Туристерді миллион дана қызғалдақпен қарсы алады

Шымкенттің символы болып табылатын қызғалдақтардың басым көпшілігі голландық сұрып­тағы сары, қызыл, көк, қызғылт және күлгін түсті.

Қызғалдақтың гүлдеу маусымы аяқталғаннан кейін, орнына басқа да жаздық гүлдер егіледі. Биыл олардың саны екі есеге артпақ. Яғни, 2 миллионға жуық жаздық гүл көшеттерін отырғызу жоспарлануда.

Бұдан бөлек, осы жылы көк­­тем және күз айларында көп­жыл­дық 25 мыңнан ас­там рау­шан гүл көшет­тері мен 90 мың лигуструм бұтақшалары, 30 мың қылқан және жай жа­пы­­рақты ағаш көшеттері отыр­ғы­зылмақ. Осылайша әсем гүлдер мен жасыл желек үшінші мегаполистің ажарын аша түспек. Қаланы көгалдандыру ісіне жауапты мамандардың айтуынша, гүлдер суретшілердің бірлесіп сызған эскизіне сай егіледі.

 

Шымкент