Аймақтар • 13 Ақпан, 2020

Мектепке оңтүстіктен 26 оқушы қосылды

510 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жалпы, соңғы жылдары Май ауданында тұрғындар саны азайды. Бұл күн­дері мұнда 10 мың­­дай адам тұрады. Аудандағы 13 ауыл мектебінде 1636 оқушы ғана қал­ған. Сондықтан, аудан әкім­дігі оңтүс­тік­тен ел көшіру бағ­дар­ла­масын жалғас­ты­руда.

Мектепке оңтүстіктен 26 оқушы қосылды

Әрине, ел қонып, орта толғанына Кеңтүбек ауы­лы қуанышты. Құжат жүзінде дұрыс реттелмеген бе, бұл ауылдың Көктүбек, Жал­тыр деген атау­лары да бар. Осы үш атауы бар ауыл­ға өңірдегі «Нұрлы Ер­тіс» бағ­дарламасы бойынша Алматы облысының Те­келі қаласынан, Жамбыл, Еңбекшіқазақ ауданынан, Түр­кістан облысының Ор­­дабасы ауданынан бір­­­неше отбасы көшіп кел­ді. Мектепке келген күн­нен белсенді Қанат Қа­зымжанұлы, Сұлтансейіт Бакдаурен робототехни­ка са­­ласы бо­йынша жарыс­тар­ға қатысуда.

Балалар жаппай оқыту қорынан ыстық тамақпен, заңнамаға сәйкес қаржылай көмекпен қамтамасыз етіл­ді. Ата-аналары жұмысқа орналасса, кейбірі бау-бақ­ша егуді бастап кетіпті.

Енді жуырда аудандық білім бөлімінің бастамасымен мектепте домбыра сыныбы да ашылды. Дом­быра сыныбының ашылуы оқу­­шылардың аудан орта­лы­ғындағы Байғабыл Жыл­қыбаев атындағы Ба­лалар музыка-өнер мек­тебінде оқуларын жалғастыруға мүмкіндік туғызды. Ұлт ас­паптар ор­кестрі, жас домбырашы, әнші, күй­ші, қо­­бызшы және хор ұжы­мы­ мен суретшілері бар өнер мектебі оң­түстік өңір­­лерден келген балалар­мен де толығар. Өнер мектебін Моң­ғолиядан алғашқылардың бірі болып оралған Төлбастар Сайыр­ханұлы басқарады. Ал мектепте ашылған домбыра сыныбына Ай­нагүл Біржанқызы мен Меруерт Қал­кенқызы жетекшілік етуде. Сы­ныптың ашылуына аудандық бюджеттен қаражат бөлінді. Сынып іші ру­хани-танымдық үлгіде ерекше бе­зендірілді. Оқу­шыларға ұлттық киім­­дер, бірнеше домбыра сатып алынды.

 – Оқушыларымыз домбы­ра үйірмесінің ашылуын қызығушы­лықпен қа­былдады. Домбыра сы­ны­бына қазір 40 оқушы қа­тыса­ды. Облыс орта­лы­ғында өткен Ба­­лалар шы­ғармашылығы фес­ти­валіне Хамит Ерасыл қатысып, жүлдегер атанды. Қазір оқу­­шылар «Сарыөзен», «Ер­­кем-ай», «Өрнек», «Ке­ліншек» күйлерін үйренуде. Елімізде жыл сайын аталып өте­тін «Ұлттық домбыра күніне» дайын­дық осы күн­нен басталуда, – дей­ді мектептегі тәрбие ісі­нің меңгерушісі Гүлден Әбе­уова.

Домбыра сыныбының ашылуында ортаға жаңа қо­сылған Хамит Ерасыл, Сма­ғұл Ералы, Мерей Зар­лықова, Жансая Жұма­ға­­­лиева, Манат Қазым­жан­­­ұлы, Өмірбек Ай­бын, Ибрай Әлем, Әлібек Әділ­жан секілді оқушылар күм­бір­­­летіп күй тартып, өз өнер­­лерін көрсетті.

 

Павлодар облысы,

Май ауданы