Аймақтар • 13 Ақпан, 2020

Павлодарда АҚШ студенттері тағылымдамадан өтті

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс  орталығындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне  АҚШ-тың Массачусетс технологиялық институтының студенттері  Тамара Брабсон мен Итен Лич  келді.

Павлодарда АҚШ студенттері тағылымдамадан өтті

Назарбаев  Зияткерлік мектебінің  шетелдік мамандар мен студенттер бөлімінің маманы Рымгүл Божақанның  айтуынша, Тамара Брабсон мен Итен Лич -университеттің  үздік оқитын, білімді студенттері.

- Олар біздің мектепке MISTI Kazakhstan «Global Teaching Labs» жобасы барысында келді. Студенттер оқушыларға сабақ беріп, тәжірибе алмасып, 11-12 сынып оқушыларына универсиетттерге құжаттар дайындау бойынша кеңестер берді,- дейді Рымгүл.

Негізі, MISTI Kazakhstan «Global Teaching Labs» жобасы оқушылардың жаратылыстану-математика пәндерінен білімін тереңдетуге, теориялық білімін тәжірибеде қолдануды үйретуге және салыстырмалы ойлау мен мәдениеттану сауаттылығын дамытуға бағытталған.

Алыстағы елден біздің  облыс  орталығына тағылымдамадан өтуге келген Итен математика, физика, ал, Тамара химия, биология пәндері бойынша мектеп ұстаздарымен бірлесіп, командалық сабақтар өткізді.

Мектептің 12-сыныптарына NUFYPET емтиханын тапсыру бойынша көмектесіп, мотивациялық хаттарды жазу бойынша шеберлік сағаттарын жүргізсе, 11-сынып оқушыларымен бірге ортақ ғылыми жобаларды әзірледі.

- «Біздер Орта Азияға, қазақ еліне алғаш рет келдік. Жергілікті халықтың мәдениеті, қонақжайлылығы ұнады. Әсіресе, оқушылардың ағылшын тілін өте жақсы меңгергендері қатты таңқалдырды!», - дейді Тамара Брабсон.

- Тағылымдадан өткенше біздер қазақ отбасының үйінде тұрдық. Отбасылық құндылықтар, отбасылық дәстүрлердің жақсы сақтайтынын байқадым, - дейді Итон Лич.

Павлодар

Суреті түсірген: Рымгүл Божақан