Сонымен қатар, бір күнде вирус жұқтырған 14 840 адам анықталған. Науқастар санының күрт өсуіне Хубэйде қолданыла бастаған диагностиканың жаңа түрі себеп болуы мүмкін.
Осыған дейін эпицентр болған бұл провинцияда жағдай тұрақтанып келеді деген болжам айтылған еді.
Соңғы мәліметтер ел бойынша жаңа вирустан зардап шеккендер көрсеткішін күрт өзгертті. Қытайда коронавирустан барлығы 1350-ден астам адам көз жұмып, 60 000-ға жуығы індетке шалдыққан. Науқастардың 48 мыңнан астамы вирус басталған Хубэй провинциясында тұрады.
Әлем елдері вирусты тоқтату мақсатында түрлі шараларды қолданып жатыр. Жақын күндері 2000-нан астам жолаушысы бар круиздік лайнерді қабылдаудан 5 ел бастартыпты. Ақырында Камбоджаға келіп тоқтаған. Жапония, Тайвань, Гуам, Филиппин және Таиланд бортында вирус жұқтырған жолаушы жоқтығына қарамастан, сақтық шара ретінде кемені елдеріне кіргізбеген. Камбоджаның бұл шешімін Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымы құптап, осындай қиын жағдайда халықаралық ынтымақтастықтың үлгісін көрсете білді депті.