Әлем • 13 Ақпан, 2020

Ресейде COVID-19 коронавирусын жұқтырған екі азамат жазылды

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«26 қаңтардан бастап науқас емделуде, оған стандарттар мен тәртіпке сәйкес барлық қажетті диагностикалық және емдік шаралар қабылданды. Бүгін ол үйден шығарылды», - деп хабарлады РИА ақпарат агенттігі Тюмен облыстық  ауруханасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ресейде COVID-19 коронавирусын жұқтырған екі азамат жазылды

Осыған дейін қытай азаматтары «бізге дұрыс диагноз қойылмады», - деп Ресейдегі Тюмен облыстың ауруханасының қызметіне, дәрігерлердің біліктілігіне шағым түсірген болатын.  Себебі науқастық алғашқы белгілерінен күдіктенген дәрігерлер екі азаматтың отбасы мүшелерін де дәрігерлік бақылауға алып, қоғаммен араласуын  шектеп тастаған.

Тюмен облыстың ауруханасының  бас дәрігері С.  Юрчук  қытайлық азаматтар ауруханадан шығарылса да 14 ақпанған дейін дәрігерлердің қабылауында болатынын ескертіп жатыр.   

Бұған дейін 11 ақпан күні осы ауруханада   коронвируспен дерттенген қытайлық студент құлан-таза жазылып шыққан болатын.

Осылайша, Ресейде, Тюмен ауруханасында осы дертке шалдыққан  үшінші азамат  ауруынан жазылып отыр.