Аймақтар • 13 Ақпан, 2020

Қордай ауданы қалыпты жағдайға келді

485 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда Жамбыл облысының Қордай ауданында техногендік төтенше жағдай сақталуда. Аймақта құқық қорғау органдары күшейтілген режимде жұмыс атқарып келеді. Орын алған оқиға зардаптарын қалпына келтіру, қақтығыс салдарын жою шаралары белсенді жүргізілуде.

Қордай ауданы қалыпты жағдайға келді

Сонымен қатар, қазір Қаракемер, Масанчи, Бұлар батыр, Сортөбе, Қарасу және Ауқатты ауылдарының барлық кіріс-шығыстарына блог-посттар қойылып, көшелерде қоғамдық тәртіпті сақтау қатаң қадағалануда.

Қордай ауданында орын алған қақтығыс салдарынан 30 тұрғын үй мен 17 коммерциялық нысан және 47 автокөлік өртенген болатын. Бүгінде алдын-ала жасалған есептеулерге сәйкес, келтірілген залал көлемі анықталуда. Сортөбе, Масанчи, Бұлар батыр ауылдарында төбелестен зардап шеккен азаматтармен жұмыс жасау мақсатында арнайы топтар құрылып, халыққа мобильный қызмет көрсету қызметі ұйымдастырылған. Мұндағы 2 азаматқа жеке куәлік, 320 балаға шекарадан өтуге анықтама, 45 неке туралы куәлік және 6 азаматқа жылжымайтын мүліктерге құжаттар берілді. Бұл жұмыс күнделікті жалғасын тауып келеді.

Сондай-ақ, бүгінде ауыл ішіндегі өртенген автокөліктердің қаңқаларын және де түрлі қоқыстарды тазалау жұмыстары толық аяқталып, аудан көлемінде тұрақтылық орнады. Бұл жұмысқа 125 адам күші мен 30 техника тартылған. Бүгінгі таңда барлық әлеуметтік нысандар, яғни, мектептер мен балабақшалар, сауда орындары мен дәріханалар қалыпты жағдайда өз жұмыстарын атқарып отыр. Сонымен қатар, аталған ауылдардағы зардап шеккен тұрғындарға Жамбыл ауданы, Жалпақтөбе ауылынан Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің ұйымдастыруымен 20 тонна көлемінде гуманитарлық көмек жетсе, Алматы қаласының мәслихат қызметкерлері «Қызыл ай» қорымен бірлесіп 54 бөтелке ауыз су, 124 килограмм ұн және 60 қорап азық-түлік жіберген.      

Сондай-ақ Жамбыл облысының «Вынхуа» дүнген этномәдени бірлестігінің волонтері Парса Рамазан қақтығыс кезінде жақындары қаза тапқан 4 отбасының мүшелеріне 400 мың теңгеден материалдық көмек көрсетіп, азық-түлікпен қамтамасыз еткен. Бұдан кейінгі уақыттарда да Қордай ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау қатаң қадағалана береді.