Аймақтар • 13 Ақпан, 2020

Мәдениет және спорт министрі Шымкенттің мәдени жұмыстарымен танысты

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл ЮНЕСКО-ның шешімімен Шымқаланың 2200 жылдығы тойланады. Сонымен қатар «Шымкент - ТМД елдерінің мəдени астанасы» аясында көптеген республикалық жəне халықаралық деңгейдегі іс-шара жоспарлануда.

Мәдениет және спорт министрі Шымкенттің мәдени жұмыстарымен танысты

Басты мақсат - Шымкенттің тарихын өзгелерге таныту, келешек ұрпаққа насихаттау. Осыған орай Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Шымкент қаласына арнайы келді.

Қалалық əкімдіктің мəжіліс залында мəдени іс-шараларға тікелей жауапты басшылармен жəне мамандармен кездесіп, нақты тапсырмалар берді. Өз кезегінде қалалық Мəдениет, архивтер жəне тілдерді дамыту басқармасының басшысы Рашид Мамытұлы тарихи мерейтой аясындағы жұмыстар нақты жоспар бойынша жүзеге асып жатқандығын жеткізді.

Алдағы уақытта да бұл жұмыстар Мəдениет және спорт министрінің тікелей бақылауында болатын болды. Себебі Шымкенттің тарихи орны, оның мəртебесінің биік болуы еліміз үшін аса маңызды екені белгілі.

 

ШЫМКЕНТ