Әлем • 14 Ақпан, 2020

Өзбек студенттері еліне кетіп жатыр

513 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Өзбекстан билігі Қазақстан мен Тәжікстанның жоғары оқу орындарындағы студенттерін үйлеріне қайтарып жатыр. «Тек жекелеген елдер ғана емес, Орталық Азия  елдері туралы айтып отырмыз» деп хабарлады өзбекстандық «Centralasian.org» порталы. 

Өзбек студенттері еліне кетіп жатыр

Өзбек елінен тарап жатқан ресми дерек  Өзбекстан президенті Шавкат Мирзеевтің жарлығымен осы елдің Тәжікстан педагогикалық университетінде оқып жатқан студенттері құжаттарын қайтып алып, Өзбекстанда білімдерін жалғастыра алатынын айтып жатыр.  

Өзбекстанның Тәжікстан педагогикалық университетінде білім алып жатқан студенттерін елге қайтаруды жоспарлап отырғанын хабарлады.  

Осы дереккөзінің мәліметі бойынша Өзбекстанның екі мың бес жүз студенті өз елінің университеттеріне ауысу үшін қажет барлық құжатты ала алатынын мәлім етті.  

Өзбекстанның аталмыш министрлігі сонымен қатар Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Түркіменстанда оқып жатқан студенттеріне ешбір емтихансыз Өзбекстан университеттеріне ауыса алатыны туралы ұсыныс жасаған. 
Мәліметте бұл шешімнің корона вирусының таралу қаупіне қатысы жоқтығыда ескертілген.  Өзбекстан үкіметінің шешімі өз азаматтарын халықаралық стандарттарға сай, беделді рейтингтерден орын алатын университеттерде оқыту бағдарламалары негізінде қабылданған.

Осы басылымның хабарлауынша, Шымкентте 15 мыңнан астам өзбек студенттері оқиды. Қазір жүздеген студенттер құжаттар алып жатыр. Өзбек билігі оларды ешбір емтихансыз өз отанындағы университеттерге ауыстыруға уәде беріпті. 

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі өзбек студенттерінің елден жаппай кетуінің себебін атады. Қазақстан Республикасының СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, бұл - білім беру жүйесіндегі реформамен байланысты қабылданған шешім. «Бізге өзбек тарапынан ресми хабарлама келіп түсті. Өзбек студенттерін қайта еліне шақырту көрші республикадағы білім беру жүйесінде жүзеге асырылып жатқан реформаға байланысты. Қазір Өзбекстан шетелде, негізінен Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанда оқып жатқан барлық жастары үшін өз елінде білімін жалғастыруға жағдай жасап, оларды кері шақырып жатыр. Өзбекстан жоғары оқу орындарында өз азаматтары үшін квота мен гранттардың санын көбейтті»  деді ол.

Осыған дейін өзбек басылымдары Ресейдің жоғары оқуы орындары Ташкенттен филиалдарын ашуға ниеттті болып отырғанын жазған болатын. 2019 жылдың 9 желтоқсан күні Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университеті өзінің тарихында алғаш рет  ташкенттен филиалын ашқан. Оған  Өзбекстан Президентінің кеңесшісі, Дүниежүзілік экономика және дипломатия университетінің ректоры А.А. Абдувахитов, Өзбекстанның Сыртқы істер министрі А.Х.Камилов және Мәскеу мемлекеттік халықаралық университетінің  А.В. Торкунов қатысқан.

Ал кеше түс ауа Ресей Федерациясының ғылым және жоғары білім министрлігі 2024 жылға дейін шетелдік студенттерді қабылдауға үкіметтік квота екі есе  көбейткісі келетіні белгілі болды. Бұл туралы  РФ Білім және ғылым министрінің орынбасары Алексей Медведев бүгін  хабарлады. Демек Ресей, басқа мемлекеттердің ұлттық кадрлары ретінде дайындалатын студенттерге арналған квотаны кеңейтуге шешім қабылдады.  Білім алғаннан кейін Ресей Федерациясының азаматтығын алуға мүдделі отандастарын да ескеріп отыр. Сонымен, бас аяғы бір күннің ішінде өзбек  ағайындарымыз  алыс-жақын шетелдерде  білім алып жүрген отандастарын елдеріне шақырса, орыстар шетелдік интелектуалдарға тегін грант  беріп, қатарына қосуға мүдделі болып отыр.

Демек бізге де жан-жаққа шашылып кеткен студенттерімізге иелік ететін кез келді.