Аймақтар • 15 Ақпан, 2020

Ақтөбеде «Аналар аманаты» тұрақты көрме сату алаңы ашылды

694 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14 ақпан, жұма күні Ақтөбе қаласындағы «Анаға тағзым» орталығынан «Аналар аманаты»  атты  тұрақты көрме сату алаңы ашылды. 

Ақтөбеде «Аналар аманаты» тұрақты көрме сату алаңы ашылды

Жаңа жобаның ашылуына облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысып, қыз-келіншектердің  алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

«Біз ұлттық  қол өнерімізді дәріптеу арқылы, өңірдегі  қыз-келіншектердің  жұмыспен қамтылуына, кәсіп ашуына  ықпал еттік.   Біз өз тарапымыздан  барынша қолдау көрсетеміз, алдағы уақытта  әдемі дүниелерді жасау өздеріңіздің еншілеріңізде болып қала бермек»,-деді аймақ басшысы.  Тұрақты көрме сату алаңында  жобаның ұйымдастырушысы  Ырза Тұрсынзаданың Ақтөбе өңіріндегі   450-жуық шәкіртінің  ерекше  қолөнер бұйымдары көпшікке ұсынылады.  «Аналар аманаты» еліміз бойынша Атырау және Ақтөбеде ашылып отыр.  Болашақта  Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында ашылу жоспарда.  Жоба жетекшісі  Ырза Тұрсынзада  «Аналар аманаты» тұрақты көрме сату алаңының  ашылуына қолдау көрсеткені үшін  облыс басшысына алғысын білдірді.