Спорт • 15 Ақпан, 2020

УЕФА «Манчестер Ситиді» еурокубок ойындарынан екі жылға шеттетті

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) «Манчестер Сити» клубындағы алаяқтық іс-әрекеттер бойынша шешім шығарды. Сонымен ағылшын клубы екі жылға еуропалық жарыстардан шеттетілді және 30 миллион еуро көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы УЕФА хабарлады.

УЕФА «Манчестер Ситиді» еурокубок ойындарынан екі жылға шеттетті

Бұған дейін УЕФА қаржылық бақылау департаментінің тұжырымына сәйкес, «Манчестер Ситидің» 2012 және 2016 жылдар аралығында қаржылық ережелерді бұзғаны туралы хабарланған еді. 

Клуб 2012 және 2016 жылғы есептерінде өз демеушілік кірістерін асыра бағалаған деп айтыпталып отыр. 

«Манчестер Сити» УЕФА-ның үкімімен келіспесе,  Спорттық төрелік сотына (CAS) шағымдана алады.