Іс-шараны ОҚМУ-дың бірінші проректоры Қайрат Нұрманбетов жүргізіп отырды.
Зілтемірші спортта қалай жетістікке жету сырларымен бөлісті. Оқытушылар мен студент жастар да өз сауалдарын қойды.
– Жақын уақытта спорттағы мансабымды аяқтаймын деп жоспарлап отырмын. Алдағы уақытта өзімді спорт менеджері ретінде сынап көрсем деймін. Адам бұл өмірде бәріне дайын болу керек. Үйренуден жалықпаңыздар. Иә, қиын жағдайларды бастан кештік. Осындай сәтте қолдау көрсеткен өз жанкүйерлеріме, халқыма ризашылығымды айтамын, – деді Ильин.
Қайрат Еңбекшіұлы спортшыға құрмет көрсетіп, оқу орнының «Құрметті профессоры» куәлігін табыс етті.
Шымкент