Тағайындау • 17 Ақпан, 2020

Қарағанды облыстық ҚАЖД бастығы тағайындалды

845 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жаңа бастығы болып Ғазиз Такешев тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облыстық ҚАЖД бастығы тағайындалды

Ғазиз Такешев 1970 жылы Қарағанды облысындағы Қаражал қаласында дүниеге келген. 2002 жылы Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын құқықтану мамандығы бойынша тәмамдады. 1989 жылдан 1991 жылға дейін Қарулы Күштер қатарында қызмет етті.

1994 жылы құқық қорғау органдарына қызметке қабылданды. Осы уақыттан 1997 жылға дейін Қарағанды облысы ІІБ жанындағы ҚАЖД КД-173/2 мекемесінің жасақ бастығы болды. Одан кейін 1997 жылдан 1999 жылға дейін ҚАЖКБ АК-159/22 мекемесі колония бастығының кезекші көмекшісі лауазымында қызмет атқарды.

2001 жылы Қарағанды облысы бойынша ҚАЖК қарамағына жіберілді.

2002 жылдан 2006 жылға дейін Қарағанды облысы бойынша ҚАЖКБ АК-159/22 мекемесінің арнайы есепке алу бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

2006 жылдан 2010 жылға дейін ҚАЖКБ АК-159/22 мекемесі колония бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болды.

2012 жылдан бастап 2017 жылға дейін Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/25 мекемесінің бастығы қызметін атқарды.

Осы тағайындауға дейін Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары болды.