Қаңтардың ортасынан диқаншылықты бастаған шаруалар 230 гектар жерге қырыққабат, 8 гектар жерге қызылша еккен. Сондай-ақ бұл көрсеткіш ерте көктемге дейін арта беретін болады. Ерте пісетін қырыққабатты жинап алған соң диқандар ауын-қарбыз, мақта сияқты дақылдар егуге кіріседі.
Осылайша жер емген шаруалар жылына екі рет, тіпті үш рет өнім алады. Былтыр сәуір айында алғашқы өнімін алған диқандар республиканың бірнеше облысын және Ресей Федерациясын қырыққабатпен, қауын-қарбызбен және басқа да көгөніс өнімдерімен қамтамасыз еткен болатын.
Диқандар негізінен салмағы 1-1,5 келіден аспайтын қырыққабаттың пандион, ринда, фарао сұрыптарын отырғызуда. Ерте пісетін өнім түріне еуропалықтар мен ресейліктер тарапынан сұраныс көп.
Айта кетейік, ауданда өткен жылы жаңа технологияларды енгізудің арқасында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 43,2 миллиард теңгеге жеткен.