Тағайындау • 18 Ақпан, 2020

Әбілқайыр Сқақов «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы болып сайланды

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін 18 ақпанда   өңірге жұмыс сапарымен еліміздегі «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек келді.

Әбілқайыр Сқақов «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы болып сайланды

Партияның облыстық филиалында Бауыржан Байбектің төрағалығымен XXIX кезектен тыс конференция өтті.

Конференция барысында өңір тұрғындарының мұң-мұқтаждары  «Ардагерлерді  ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек», «Кедергісіз келешек», «Құтты мекен», «Жастар жолы»  сияқты  партиялық әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру барысында назарға алынуда.

Әрбір партия мүшесіне аталған жобалардың маңыздылығын түсініп, оларды жүзеге асыруға белсенді қатысуда.

Өңірдегі барлық қоғамдық қабылдау бөлмелерінде 14 әлеуметтік терезе ашылды.

Бұл күндері партияның облыстық аумақтық филиалдарында 59060 мүшесі бар.

Конференцияда облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов партияның облыстық филиалының жаңа төрағасы болып сайланды.

Бауыржан Байбек жаңа төрағаның жетекшілігімен павлодарлық партиялықтар тұрғындардың мәселелерін шешуді жалғастырып, өңірде жүзеге асырылатын жобаларға  сапалы бақылау жүргізетіндеріне сенім білдірді.  

Павлодар