Аймақтар • 19 Ақпан, 2020

Медициналық бақылауға алынған

569 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай елінің шекарасымен шектесетін Шығыс Қазақстан облысында сол елден шыққан коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында тиісті жұмыстар қолға алынған.

Медициналық бақылауға алынған

Облыстық Тауарлар мен көр­се­ті­летін қызметтердің са­па­­сы мен қауіпсіздігін ба­қы­лау де­партаменті бас­па­сөз қыз­ме­тінің берген мә­лімет­те­рі­не сүйен­сек, өңірдегі Май­қап­ша­ғай, Бақты кеден бекет­те­рі ба­қылауға алынып, коро­на­вирус инфекциясының алдын алатын барлық қажетті дезинфекциялық құрал-жабдық­тар­мен қам­та­ма­сыз етіліпті. «Тепло­виз­ор­лар мен изолятор бөлмесі бар. Департаменттің медицина қыз­мет­керлері мен мамандары Қытай мен өзге елдерден келген адам­дарға медициналық ба­қы­лау жүргізіп отырады. Олар­­дың барлығына монито­рин­г жасалады. Ешқандай ви­рус­тық инфекция белгілері анықталған жоқ. Облыста 100-ге жуық Қытай азаматтары жұмыс істейді. Олардың барлығы тиісті мекемелердің қадағалауында» дейді аталған департаменттің баспасөз хатшысы Бағлан Тауа­но­ва.

Коронавирустың алдын алу мақ­­­сатында облыста жедел штаб құрылғаны белгілі. Штаб ұс­ын­ған мәліметтерге сүйенсек, өңір­ге келіп жат­қан адамдардың барлығы ме­ди­циналық ұйым­дар­­дың ба­қы­лауына алынған. «Бү­гінде облысқа келуші адам­­дардың саны 8733 адамды құ­райды. Оның 8660-ы – Қазақстан аза­маттары, 73-і – шетел азаматтары. Қазіргі таңда аймақтағы инфекциялық төсектер саны – 500. Қосымша 523 орын әзір. Вирусқа қарсы препараттар қо­ры жеткілікті. Медициналық ұйымдарға 1 типті қорғаныш кос­тюмдерінің 13932 данасы жет­­кізілген. Қосымша 7371 дана­ға өтініш берілген», дейді штаб өкіл­дері.

 

ӨСКЕМЕН