Аймақтар • 19 Ақпан, 2020

Мектеп бітіруші түлектер жол құрылысы саласымен танысты

499 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылға арналған мектептер мен колледждерде кәсіби бағдар беру жұмыстарының іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Шымкент қаласы бойынша филиалы мамандары Шымкент қаласындағы М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп гимназиясында бітіруші түлектер яғни 11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын  жүргізді.

Мектеп бітіруші түлектер жол құрылысы саласымен танысты

Іс-шара мақсаты қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдау мүмкіндігін түсіндіру болып табылады.       

Қазақстанда автомобиль жолдары құрылысы қарқынмен дамуда. Бұл ең алдымен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің Қазақстан шекарасы арқылы өтуімен, халықаралық қатынастың дамуымен және жүк тасымалының артуымен байланысты.

Бұл өз кезегінде жоғары білікті мамандардың тапшылығын туындатуда. Сол себептен шет ел мамандарын жұмысқа тарту сұранысын азайтып, өз еліміздің азаматтарын патриоттық рухты көтеруге, еліміздің тұтқасын сеніп тапсыратын білікті маман иесі атануға шақыру.

Филиал тарапынан мамандар мектеп түлектерін өз еліміздің жол саласын, жол инфрақұрылымын дамытуға үлес қосып, ат салысуға шақырды. Сондай-ақ, бітіруші түлектерге болашақ мамандық таңдауда үкен сұранысқа ие «Құрылыс», «Жолдардың және аэродромдардың құрылысы» мамандықтарын таңдауды ұсынды.

 

Шымкент