Руханият • 19 Ақпан, 2020

Жеңіс Қасымбек: Қарағандыда Қасымның үйін ашу жоспарымызда бар

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек халық алдындағы есеп беру жиынында биыл облыс бүкіл елмен бірге Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы, мемлекет қайраткері Нығмет Нұрмақовтың 125 жылдығы, Теміртаудағы металлургиялық комбинаттағы қазақстандық тұңғыш шойын балқымасының 60 жылдығы, К.Станиславский атындағы орыс драма театрының құрылғанына 90 жыл толуы сияқты айтулы  даталар мен мерейтойлардың өз деңгейінде аталып өтетінін жеткізді.

Жеңіс Қасымбек: Қарағандыда Қасымның үйін ашу жоспарымызда бар

Сондай-ақ биыл өңірде «Жезкиік» халықаралық музыка фестивалі, Алтын Орданың 750 жылдығына арналған халықаралық айтыс және Ә.Сығай атындағы халықаралық театр байқауы өткізіледі.

Бұдан бөлек, облыс әкімі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында қоғамды рухани жаңғырту жұмыстарының жалғастырылатынын баяндады.

Сонымен қатар Жеңіс Қасымбек кеншілер астанасында Қасым Аманжоловтың үйін ашу жобасының жоспарда бар екенін айтты.