Аймақтар • 20 Ақпан, 2020

Маңғыстауда жыл басынан бері 145-тен астам мас жүргізуші анықталды

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Бейбіт уақытта жолдарда мас күйінде көлік жүргізген жауапсыз жүргізушілердің кінәсінен адамдар қаза болып жатыр. Бұған ақтау жоқ. Сондықтан мұндай құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға ауырлығын ескере отырып, лайықты жаза болуы тиіс», деп хабарлайды Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Маңғыстауда жыл басынан бері 145-тен астам мас жүргізуші анықталды

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолдарды күн сайын патрульдеу жұмыстарының арқасында мас көлік жүргізушілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын алдын алу шаралары жүргізілуде.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қолданыстағы әкімшілік жазалау шаралары жүргізушілердің тәртібіне оң нәтижесін беруде. Мас күйінде жүргізгені үшін жазаны күшейту жүргізушілер мен жолаушылардың, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік берді.

Жыл басынан бері  көлік жүргізуге масаң күйде отырған 145-тен астам жүргізуші анықталды. Заң талаптарының өзгеруіне байланысты  масаң күйде көлік тізгіндеген жүргізушілердің саны 2 есеге азайды.

Автокөлікті масаң күйде басқарғаны үшін 24 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, бұл 2019 жылдың қорытынды кезеңімен салыстырғанда 3 есеге аз.

Барлық жүргізушілерге мас күйінде көлік жүргізу олардың және жолаушылардың, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің өміріне қауіп төндіретіні түсіндіріліп келеді.