Қарулы Күштердің әскери-тарихи музейінде Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлері одағының және Нұр-Сұлтан қаласындағы Мемлекеттік архивтің ұйытқы болуымен Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 31 жыл толуына орай «Олар әскери борышын өтеді...» тақырыбында көрме өтті.

Көрмені ұйымдастырудағы мақсат – Ауған соғысы ардагерлерінің ерлігін насихаттап, өмірден озған жауынгерлердің рухына тағзым ету, келушілерді музей тынысымен таныстыру.
– Майдангер азаматтар – жастарымызды отансүйгіштікке баулитын бірден-бір мектеп саналады. Ауған соғысының ардагерлері – Екінші дүниежүзілік соғысын көрген ақсақалдарымыздың лайықты ізбасарлары. Сіздердің ерліктеріңіз әрқашан ел есінде сақталмақ. Ауған соғысы – бүкіл бір буын үшін нағыз сынақ болды. Жүздеген ана ұлдарынан айырылып, қара жамылды. Осынау күні сіздердің ерен ерліктеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Қайтпас қайсарлық пен ел сүйсінер жігер таныттыңыздар. Майдан даласынан аман оралмаған жауынгерлерді үнемі есте сақтаймыз. Бұл көрме Ауған соғысы тарихынан толағай сыр шертеді деп білемін, – деді Қарулы күштердің әскери-тарихи музейінің бастығы, подполковник Нұртаза Асылов.
Өткен тарихқа үңілетін болсақ, Ауған соғысына қазақстандық 22269 азамат аттанып, оның 929-ы ажал құрығынан құтыла алмаған екен. 1015 жауынгер мүгедек атанды. Бүгінде елімізде Ауған соғысының 16 мыңнан астам ардагері қалыпты. Жыл санап олардың да қатары селдіреп барады.
– Осы іс-шараны ұйымдастырушыларға шынайы алғысымды білдіремін. Үлкен жұмыс атқарылды. Ендігі кезекте, майдан даласында батырлық танытқан қазақстандық азаматтардың ерлігін ерекше айтқым келеді. Олар батыр бабаларының лайықты жалғасы екенін дәлелдеді. Бүгінгі көрменің әр бөлшегі сол соғыстан сыр шертіп, оған қатысқан отандастарымыздың жанқиярлық ерлігін еске салатын болады. Оларды мәңгі есте сақтауымыз қажет. Себебі өз тарихын білмейтін адамның болашағы да бұлдыр болмақ. Бұл сөзді бүгінгі көрмеге келген жастарға қарата айтып отырмын, – деді «Еркін ауғандықтар» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Елубаев.
Көрме барысында соғыста үш жыл қызмет етіп, талай жаралы жауынгерге қол ұшын созған, өмірлеріне араша түскен ержүрек медбике Рауза Ережепованың жеке заттарын, фотосуреттерін, медальдары мен грамоталарын, куәліктерін, ауған кителі және тағы да басқа заттарын ұрпақтары аталған музей қорына табыстады.
– Мен Рауза Ережепованың туған бауырымын. Оның майданда танытқан қаһармандығы үшін берілген ордені, «Ерлігі үшін» медалі бар. Ауған халқының атынан, Ингушетия президентінің атынан тапсырылған өзге де марапаттарды тілге тиек етуге болады. Соғыстан оралған соң ол Көкшетау қаласында еңбек етіп, мүгедектерге, соғыс ардагерлеріне жәрдемдесті. Өкініштісі сол, өткен жылы желтоқсанда Раузадан айырылып қалдық. Биыл 18 ақпанда ол небәрі 57 жасқа қадам жасар еді, – деді Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлерінің одағы төрағасының кеңесшісі Амангелді Ташмұханов.
Аймақтар • Кеше
Тауар тасымалы: Табыстан гөрі тұрақтылық маңызды
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Түркия мен Израиль қарым-қатынасы қайта жанданды
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Спорт • Кеше
Елімізде «жамау» мектеп әлі бар
Білім • Кеше
Әдебиет • Кеше
Жырдың жезкиігі Ақын Кәкімбек Салықов жайлы толғау
Әдебиет • Кеше
Ескі жүйеден есті жүйеге көшу маңызды
Сұхбат • Кеше
Қазақстан • Кеше
Тарих • Кеше
Патриотизм – елін білімімен, еңбегімен көркейту
Қазақстан • Кеше
Көлсайға кел, кереметті көзбен көр
Туризм • Кеше
Спорт • Кеше
«Сұлтан Бейбарыс»: Билік философиясы
Кино • Кеше
Кәсіпорындар кодекс талабын орындай ала ма?
Экология • Кеше
Кино • Кеше
Өнер • Кеше
Абай облысында студенттер есірткімен ұсталды
Оқиға • Кеше
ШҚО-да барлық мектеп бес күндік оқу аптасына көшеді
Аймақтар • Кеше
Жеті өңірде 2 градус үсік жүреді
Ауа райы • Кеше
Қарағандыда 3 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті
Аймақтар • Кеше
Елордада шекарашылардың құрметіне ескерткіш орнатылды
Елорда • Кеше
Бестөбедегі шахтада тағы бір адам көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Дархан Қыдырәлі Қазақстанның Мароккодағы елшісімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Алтын құймалар көп сатылатын қалалар аталды
Қоғам • Кеше
Қостанай облысында судья пара алу кезінде ұсталды
Оқиға • Кеше
Магистратураға түскендер тізімі қашан жарияланады
Білім • Кеше
Президент «Шевронның» бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Кеше
Қостанайда бюджеттен ақша жымқырғандар сотталды
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар