Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 жылғы 28 мамыр №202 Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
2013 жылғы 29 мамыр №314 Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
2013 жылғы 30 сәуір №190-ө-м Астана қаласы
БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
«Психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларды кешенді оңалту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы №581, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы №961, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №399-ө бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабына сәйкес бұйырамыз:
1. «Психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларды кешенді оңалту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 581, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы №961, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №399-ө бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №9742 болып тіркелген, 2011 жылғы 14 мамырдағы №196-199 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
2. Әлеуметтік көмек департаменті (Н.А.Крюкова) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне және ресми баспа басылымдарына жіберсін.
3. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік органдардың біреуінің соңғы қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б.ЖҰМАҒҰЛОВ.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі С.ҚАЙЫРБЕКОВА.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.ӘБДЕНОВ.