Аймақтар • 24 Ақпан, 2020

Жемістен чипс жасайды

392 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінде кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті жастарға мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау көп. Тұрғын­дардың тірлігін тіктеуге, нәсібін кәсіптен табуға арналған жобалар ауылда тұрып та алға басуға мүмкіндік береді.

Жемістен чипс жасайды

Еліміздегі «Бастау-Бизнес» жобасы аясында оқыған Гүл­файруз Рахметова чипс өндіруді қолға алған. Байзақ ауданының Құмжота ауылында тұратын жас кә­сіпкер 29 жасқа дейінгі қай­тарымсыз грантты жеңіп алып, мемлекет тарапынан беріл­ген 1,5 миллион теңгеге көкөніс­терді кептіретін аппарат сатып алыпты. Қазір үйінен түрлі жемістерді кептіріп, чипс шығаруда.

 Ол өнімдерді алма, апельсин, киви, ананас секілді жемістерден жасайды. Еш қоспасыз, табиғи өнімдерді өндірудегі мақсаты – өзін-өзі жұмыспен қамту арқылы отандық кәсіпкерлікті дамыту. «Алма және апельсин сияқты жемістерді Байзақ ауданынан аламыз. Бүгінде тұтынушылар тарапынан аз болса да тапсырыс түсіп жатыр. Егер отандық өнімге деген сұраныс жақсы болса, бір күнде 200 қорапқа дейін чипс шығарып беруге дайынмын. Бұл өнім әсіресе диета ұстайтын азаматтар мен балаларға өте пайдалы. Ешқандай химиялық қоспасы жоқ, таза өнім», дейді Гүлфайруз Рахметова.

 Жас кәсіпкер шығарған өнім­дерін әзірге инстаграм әлеуметтік желісі арқы­лы жар­­намалап сатуда екен. Де­ген­­мен, ол Тараз қаласын­дағы ірі сауда нүктелеріне өнімді өткеру қиынға соғып тұрғанын да жасырмады. Дүкен сөрелерінде шетелдің шығарған өнімдері самсап тұрғанымен, шынында да отандық өнімдер аз кездеседі. Бұл ретте мемлекеттің қол­дауын көріп отырған Гүлфай­руз Рахметова енді өңірде отан­­­дық өнімдер топтас­ты­рыл­ған дүкендер желісі құ­рыл­са екен деген де тілегін жет­­кізді. «Сонда өзімізден шы­­ға­тын өнімдердің бәрі бір жер­­де сатылып, халықтың да сұра­­ны­сына ие болар еді», дейді ол.

 

Жамбыл облысы