Күрес • 24 Ақпан, 2020

Күрес: Юсуп Батырмұрзаев – Азия чемпионы!

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанның астанасы – Нью-Делиде өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның еркін күрес шеберлері екінші алтынды қоржынға салды.

Күрес: Юсуп Батырмұрзаев – Азия чемпионы!

Жарыстың екінші күні жерлестеріміз жасындай жарқырады. Спорт кешеніне жиналған мыңдаған жанкүйер Данияр Қайсановтың өнеріне тамсанып, құлшына қол соқса, көп кешікпей Юсуп Батырмұрзаев қазақтың әнұранын шырқатты.

Аса ауыр салмақта белдескен жерлесіміз тәжікстандық Фархад Анақұлов, үндістандық Сатендер Сатендер және ирандық Парвиз Хадибасманиды бас көтертпей ұтты. Финалда оның жолы Моңғолияның мықтысы Худербулга Дорджхандпен қиысты. Бұл бәсекеде де Юсуп қарсыласына соқыр ұпай ұстатпады. Осы айқын жеңісінің арқасында Батырмұрзаев Азияның теңдессізі деп танылды. 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше