15 Тамыз, 2013

Ұрланған астықтың көлемі – 19 мың тонна

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысындағы «Ақсай элеваторы» ЖШС директоры И.Шудабаев қамауға алынды. Бұл туралы облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Батыс Қазақстан облысындағы «Ақсай элеваторы» ЖШС директоры И.Шудабаев қамауға алынды. Бұл туралы облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Департамент баспасөз қызметінің ақпары бойынша, И.Шудабаев 2009-2012 жылдар аралығында серіктестікте уақытша сақтауда тұрған «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ҰК» АҚ-ға тиесілі азықтық бидай дәндері түріндегі бюджеттік қаражатты қымқырған.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Батыс Қазақстан аймақтық инспекциясы мамандарын тарту арқылы жүргізілген тексеру барысында элеватордағы дәндерді сақтауға арналған ыдыстар ағаштан жасалған жасанды бөгеулермен жабдықталғаны және ыдыстар толып тұрғандай етіп көрсету мақсатында ағаштардың үстіне аз мөлшерде бидай салынып қойылғаны анықталды. Жетпейтін азықтық бидайдың көлемі жалпы сомасы 854,1 млн. теңгеден астам тұратын 19 мың тоннаны құрады. Жасалған келісімшартқа сәйкес элеваторда 47,0 мың тонна көлеміндегі бидай сақталуы тиіс еді.

Кәсіпорын директоры И.Шудабаев кінә­сін мойындап, «Ақсай элеваторы» ЖШС-нің жалғыз құрылтайшысы, марқұм С.В.Очка­сов­тың нұсқауы бойынша оның және кәсіп­орынның мұқтажы үшін әрекет еткенін мә­лімдеді.

Қазір осы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сұлтан Бозайғыр.

Соңғы жаңалықтар