15 Тамыз, 2013

«Барыс» – бас бәйге иегері

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тамыздың 13-і күні Астанада болып өткен шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасы Кубогы жолындағы финалдық ойында Ресейдің Ханты-Мансийск қаласының «Югра» командасын 4:3 есебімен ұтқан жергілікті «Барыс» клубы бас бәйгені жеңіп алды.

барыс-1

Кездесудің бірінші таймында есеп ашқан қонақтар шабуылшысы Артем Булянскийдің голына астаналық Дмитрий Уппер жауап берді. Екінші кезеңде ресейліктер Андрей Шефер мен Евгений Хвостовтың салған шайбалары арқасында алға шығып кетті. Бұл аралықта барыстықтар Роман Старченконың нәтижелі шабуылымен бір шайбаның қарымтасын қайтарып үлгерді.

Қонақтар осылайша үшінші кезеңді бір гол айырмасымен (3:2) бастады. Дегенмен, шешуші сәтте жинақы ойын көрсеткен астаналықтар жауапсыз екі шайба соғып, қорытындыда жеңісті қамтамасыз ете білді. Жерлестерімізден бұл голдарды Роман Старченко мен Андрей Гаврилин өз есептеріне жазды.

Осының алдында турнирдегі үшінші орын үшін шайқас болып, онда Подольскінің «Витязь» командасы Хабаровскінің «Амурын» жеңді.

Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.